Kyzylorda-news.kz. Өңірде 22 тамыздан бастап күрішке орақ салу жұмыстары басталып, бүгінде 3715 гектар күріштің 1622-сы қамбаға бастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

“Егін жинау маусымы басталғалы бері 3715 гектар күрішке орақ салынып, оның 1622 гектары бастырылды. Әзірге егіннің әр гектарынан шамамен 43,0 центнерден өнім алынуда. Сондай-ақ, егін жинау жұмыстары 15 қазанға дейін жалғасады. Яғни басты міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату”,-деді Сейілбек Серғазыұлы.

Тағы да оқыңыз: