Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиын барысында күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік рәміздердің насихатталу және оның қолданылу жай-күйіне байланысты облыстық инспекциялық топтың тексеру жұмыстарының қорытындысы, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына қарасты мекемелерде мемлекеттік рәміздердің қолданылу аясы, Жалағаш және Сырдария аудандарында мемлекеттік рәміздердің ұлықталуы туралы сөз етілді.

Ведомствоаралық облыстық инспекциялық топ құрамында – Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы, облыстық полиция департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері бар.

Аталған инспекциялық топ қала және аудандардағы 198 мемлекеттік мекемеде рәміздердің стандарттарға сәйкес қолданылуы мен орналастырылуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 18 мекемеде кемшіліктер анықталып, оның үшеуі дер кезінде қалпына келтірілді.

Тағы да оқыңыз: