Kyzylorda-news.kz. “Буран” зымыран кешенінің иесі табылды. “Байқоңыр” зымыран-ғарыш компаниясының бас директоры Дәурен Мұса зымыранның жеке тұлғаға емес, “Байқоңыр” ЗҒК-на тиесілі екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұған дейін “Роскосмос” басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған “Буран” кемесінің иесіне іздеу салған. Осыдан кейін “Байқоңыр” зымыран-ғарыш компаниясының бас директоры Дәурен Мұса тың ақпаратпен бөлісті.

​”Құрметті Дмитрий Олегович (Рогозин), “Буран 1.02” және ПМ “ОК-МТ 0.07” ғарыш кемелері жеке тұлғаға тиесілі емес, “Байқоңыр”РКК” АҚ балансында. Біз ғарыштық компаниямызды және осы зымырандарды сақтау үшін көп ресурстар жұмсадық. Бұл біздің ортақ тарихымыз”, – деп жазды Дәурен Мұса.

Айта кетейік, “Буран” зымыраны –  95-97% ұшуға дайын болған және монтаждау-жанармай құю кешенінде орналасқан кеменің екінші көшірмесі. Ашық мәліметтер бойынша, ол 1991 жылы “Мир” станциясынан ұшуы керек еді.

Ал “Буран” орбиталық кемесі өзінің алғашқы және жалғыз ғарыштық ұшуын 1988 жылдың 15 қарашасында жасады. Ұшу ұзақтығы 205 минутты құрады, кеме жерді екі рет айналып өтті. Ұшу борттық компьютер мен борттық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, автоматты режимде экипажсыз өтті. Бұл факт Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Тағы да оқыңыз: