Әншінің пікірінше су тасқынының себебі - халықтың пейілінің тарлығы екен.

Эстрада жұлдызы, композитор Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі боп жатқан су тасқынына халықты кінәлады, жеп жазады KYN.KZ тілшісі.

 «Соңғы кездердегі елімізде болып жатқан ауыр жағдайға байланысты менің ойым, мысалы, қаншама елді су алып, қаншама отбасы үйсіз қалды. Одан да басқа жағдайлар болып жатыр, мысалы. Соның бәрі бір-біріміздің көңілімізді қалдырғаннан, ренжіткеннен, пейілдің тарылғанынан, пиғылдың жаман болғанынан деп ойлаймын. Солай деп естігем негізі. Адамның ниет-пейілі бұзылса, осындай табиғи апаттарға әкеп соғады. Сондықтан біз тезірек ниет-пиғылымызды түзеп, мінезімізді өзгертіп, сөзімізді, ойымызды, көзқарасымызды өзгертіп, іс-әрекетімізді дұрыстап, жайбарақат, музыка тыңдап отыратындай, аспанымызда ән қалықтайтындай жағдайға жетсек екен дейміз. Құдай бізге сабыр берсін, аман болайық», – деп жазды әнші İnstagram-парақшасына.

Тағы да оқыңыз: