Kyzylorda-news kz. "Amanat" партиясының облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендету және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, өңір жастарын қолдау, шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес және Сырдария аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Талғат Оспанұлы баяндама жасады.
Жиын соңында білім беру ұйымдарында және полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдерді бақылау және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында сұрақтар қойып, талқыланған мәселелердің шешімі нақтыланды.