Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері орталық алаңға қызметтік автокөліктерімен бірге  қаз-қатар сапқа тұрғызылды.

Нұсқаулық жиынды  Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қордабаев Нұрлыбек Құрбанәліұлы өткізіп, қызметкерлерге аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтап,азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында тиісті тапсырмасын берді. Сонымен қатар, “Құқықтық тәртіп” “Заңсыз келуші-2024” ”Қарасора” жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында көшеде, қоғамдық орындарда, жол қауіпсіздігін және жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу, заңдылықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмаларды жеткізді.

Нұсқаулық жиынға Жаңақорған  аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Төлегенов Әбілғазы Берденұлы, Аманат партиясы аудандық филиалы өкілдері, Білім бөлімінің қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Нұсқаулық жиында сөз алған аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, ауданның тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің қызметі оңай емес екенін, оларға зор міндеттер жүктелгеніне тоқталып, мектеп демалысына шыққан кәмелетке толмағандар  арасында топтасқан төбелестің алдын алу қажет екенін қаперге салып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: