Kyzylorda-news.kz. Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасына директор болып тағайындалды.
Ол 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылында дүниеге келген.
Жайна Сламбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.
Еңбек жолын ең алғаш 1996 жылы «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған. 2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.
2019 жылдың тамызынан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.
1999 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 2019 жылы отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды. 2020 жылы «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері атанды.