Kyzylorda-news.kz. Рамазан айының келуіне 1 күн қалды. Тіс қанаса ораза бұзыла ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы инстаграмдағы парақшасында жауап берді.

Тістен аққан қанның аз не көп мөлшеріне қаралады. Егер көп мөлшерде қан атып, оны байқамай жұтып қойса, оразасы бұзылады. Кейін сол куннің қазасын өтейді. Ал қан аз мөлшерде шыққан болса оразаны бұзбайды. Қанның аз, не көптігін түкірікпен салыстыра отырып анықтайды. Егер қан мөлшері түкірікпен тең немесе одан басым болса, "көп" саналады. Ал жартысынан аз қан болса, "аз қан" үкімінде болады.
Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі - Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы - 30 күн. Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Фото: ашық дереккөз

Тағы да оқыңыз: