Kyzylorda-news.kz. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, 3 570 тұрғын үй мен 2 225 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Осы сағатта 15 125 адам өз үйлеріне оралды. 6 704 адам, оның ішінде 3 052 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 867 адам, оның ішінде 39 943 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 732 жеке тұрғын үй, 1 579 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалуда.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. 9,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн астам тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 391 адам,  4 470 техника, 890 су сору құралы, 392 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды.

ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жедел желіге түскен 1 816 қоңырау пысықталды.

Мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысына қосымша 81 тонна азық-түлік тауарлары мен 158 тонна мұнай өнімдері, Батыс Қазақстан облысына 10 мың адамға арналған төсек-орын жабдықтары броньнан шығарылды.

Жалпы зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 3 290 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола облысында Есіл, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жарқайың ауданының Гастелло ауылында, Жақсы ауданының Ишимское ауылында, Сандықтау ауданының Каменка ауылында, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка, Кустовое, Вагулина, Красноярка, Пресновка ауылдарында 50 жеке тұрғын үй су астында қалды. 600—ден астам адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су басу қаупіне байланысты қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс ауылында эвакуациялау жүргізілуде.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 ТЖ әрекет етеді.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

 

Сурет: ТЖМ

Тағы да оқыңыз: