Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 23 шілдеге Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, республиканың батысында бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Тағы да оқыңыз: