Kyzylorda-news.kz. Биыл 22 мамырдан бастап «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы бастау алды.
Байқау екі негізгі кезеңде дистанциялық форматта өткізіледі:
I кезең – конкурс өңірлік (облыстық) деңгейде өткізілетін конкурс. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылады;
II кезең – Республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздары анықталады.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес, құжаттарды қарау кезінде алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 29 мамыр сағат 23:59-ға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне dgs_test@mail.ru электрондық поштасына төмендегідей мәліметтерді жіберу арқылы жүзеге асырылады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілген А нысаны бойынша);
2) конкурсқа қатысушының сауалнамасы (қоса берілген Б нысаны бойынша);
3) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) көлемі 500 сөзден аспайтын «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын» тақырыбындағы басылған мотивациялық эссе (Times New Roman-14, жоларалық интервал – дара) форматтағы А-4.
Қағаз тасығышта қолыменен жазылған эссе ұсынылған жағдайда, құжаттың Word форматында (.doc) көшірмесі тапсырылады.
Мотивациялық эсседе үміткердің кәсіби қызметтегі негізгі жеке жетістіктері, өз қызмет саласындағы проблемаларды шешуге, мемлекеттік органның өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процесіне жеке үлесі, сондай-ақ іске асырылған жобалар тізбесі (болған жағдайда) баяндалады.
Өңірлік комиссияның отырысы қашықтықтан өткізіледі. Республикалық комиссияның қарауына облыстан, астанадан және республикалық маңызы бар қалалардан рейтингте ең көп балл жинаған 3 үміткер жіберіледі.
Бірінші кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық деңгейде өткізілетін екінші кезеңіне ұсынылатын болады.
Барлық мемлекеттік қызметшілерді белсенділік танытып байқауға қатысуға шақырамыз!
Толық ақпаратты Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/projects/details/996?lang=kk сілтемесі бойынша, сонымен қатар 8/7242/705626 телефоны арқылы алуға болады.