Kyzylorda-news.kz. Мың жылда адамның көзқарасы, білімі өзгергенімен мүддесі өзгерген жоқ.  Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көтерілген мәселелер қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды.

Президент бұл мақала арқылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ел назарын аудартып, әлемдік биік тұлғаның туындылары арқылы қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін көтеруді көздейді.

Мемлекет басшысының бүгін жарияланған мақаласы Абайдың тұлғасы мен бүгінгі заманның өзекті мәселелерін, бүгінгі заманның сұранысын,  бүгінгі заманның қажеттіліктерін терең сабақтастырады. Себебі Абай сияқты тұлғалар бір заманның ғана жыршысы, суреткері емес. Ол әр заманда өз замандасын табатын, өз сырласын табатын, керек болатын болса өз мұңдасын табатын тұлға.

Ербол ТІЛЕШЕВ,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық орталығының атқарушы директоры

Тағы да оқыңыз: