Kyzylorda-news.kz. Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Бұл бағытта департаментке жыл басынан бері 57 өтініш түскен. 
Түскен өтініштердің 46-ы жеке тұлға, 3-і заңды тұлға, 8-і мемлекеттік қызметшілерден түскен.

Қаралған өтініштерде жиі көтерілетін сұрақтар, бұл конкурс өткізу
қорытындысымен келіспеу – 5, әлеуметтік қорғалу – 7, әдеп
нормаларын бұзу – 5, тәртіптік жазамен келіспеу – 2, конкурс өткізу
тәртібіне қатысты – 2.
Құзыреттілік шегінде барлығы 23 тексеру жүргізілді (6-проф.
бақылау, 17-жоспардан тыс тексеру). Нәтижесінде 143 бұзушылық
анықталды.

Бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметшілердің
әлеуметтік мәселелеріне қатысты болып отыр.

Орын алған бұзушылықтарды жою бойынша 11 нұсқама енгізіліп,
барлығы орындалды.

Енгізілген ұсыныстардың нәтижесінде:
- 1 қызметші тәртіптік жазаға тартылды;
- 2 мемлекеттік органдардың актілері (тәртіптік жаза қолдану)
заңсыздығы негізінде бұзылды;
- 3 әкімшілік іс қозғалды (ҚР ӘКБтК 89б. 1 тар. –1, 462 б. 3
тарм. – 1, 99 бап 2 тарм. – 1).
Тексерулердің нәтижелерімен 4 мемлекеттік қызметшінің
құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, Қармақшы ауданы әкімі аппаратына профилактикалық
бақылаумен жүргізілген тексеру барысында Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет
мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу
қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) сақталмағандығы анықталды.

Атап айтқанда, Қағидалардың 6-тармағында іссапарға жiберiлген
қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-
жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және
тәулiкақы беріледi. Іс-сапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес
жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы
құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді делінген.

Алайда, Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округінің әкімі
26.09. - 01.10.2023 жыл аралығында Астана қаласына іс-сапарда
болғаны белгілі болды.

Дегенмен, ауыл әкіміне тексеру барысында iс-сапарға кетер
алдында жол жүру ақысы, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша
шығыстары мүлдем төленбегендігі анықталды.
Осындай деректер, Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
бас маманы (іс-сапарға шығу мерзімі 12.02.-13.02.2024 жыл),
Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор
меңгерушісіне (іс-сапарға шығу мерзімі 15.02.-16.02.2024 жыл) мүлдем
төленбеген. 

Департаментпен енгізілген бұзушылықты жою туралы
нұсқаманың нәтижесімен қызметшілерге іс-сапар шығындары төленді.
Сонымен қатар, Қазалы ауданы әкімі аппаратына
профилактикалық бақылаумен жүргізілген тексеру барысында
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкіміне тәртіптік жаза қолдану
барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29
желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік
қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидаларының талаптары
сақталмағандығы анықталды.

Департаментпен енгізілген бұзушылықты жою туралы
нұсқаманың нәтижесімен ауылдық округтің әкіміне тәртіптік жаза
қолдану туралы бұйрықтын күші жойылып, бұзылған құқықтары
қалпына келтірілді.

Алдағы уақытта да аумақтық департамент азаматтардың, соның
ішінде мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қалпына келтіру
бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін болады.

Тағы да оқыңыз: