Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Аталған шарада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Е.Мендалиев сөз алып, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару академиясының отыз жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Дөңгелек үстел барысында «Мемлекеттік қызметші тұлғасының адамгершілік негізін және оның инновациялық әлеуетінің тарихи және мәдени бастауы туралы» департаменттің басқарма басшысы Ж.Шынтасов баяндама жасаса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері туралы» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанар Қозбағарова өз ақпаратымен бөлісті. 

Сонымен бірге, «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруда жоғары мектептің ролі» тақырыбында Қорқыт ата университетінің профессоры Алмагүл Абдимомынова өз ғылыми зерттеулері және тәжірибесімен бөлісті. 
Дөңгелек үстел соңы пікір алмасулармен жалғасып, қорытынды ақпаратты жинақтау туралы өзара келісімге тоқталды.

Тағы да оқыңыз: