Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Білім сынағы 25-30 сәуір аралығында өтеді.

Олимпиада офлайн форматта «USTUDY» тестілеу орталығы базасында «Бір қатысушы, бір компьютер, бір камера» форматы бойынша жүргізілуде.

Білім сынағына облыс бойынша жалпы жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша 83 оқушы және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 оқушы қатысып, бақ сынауда. Ал, 18-19 сәуір күндері биология, физика, география, математика, информатика, химия пәндері бойынша 46 оқушы қатысуда.
Білім бәсекесінің ашықтығын бақылау үшін мүдделі емес үшінші тұлғалар – «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бақтыбаева, «Адалдық алаңы» мүшелері мен «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері қатысуда.

Айта кетейік, олимпиаданың өткізілу барысы тікелей эфир арқылы YouTube желісінен қадағаланып, Syr-daryny.kz сайтында жарияланатын болады.

Тағы да оқыңыз: