Kyzylorda-news.kz. Облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалығымен алимент өндіру бағытында атқарылған жұмыстарға қатысты ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Облыс бойынша жыл басынан 13 022 (20 100 балаға қатысты 471 млн теңге) алимент өндірісі болған, оның 886-ы аяқталған.
Қалған 18 мың балаға қатысты 12 136 атқарушылық құжат бойынша 353 млн теңге қарыз қалыптасқан.

Оның 6510 мерзімдік орындауда, 5626 бойынша үш айдан астам қозғалыссыз қалған, 801 бойынша берешектер қалыптасқан.

Жыл басынан берешек 118 млн теңгеге азайған.
Талдау нәтижелерімен жеке сот орындаушыларының тарапынан 813 бұзушылықтар анықталды.

Прокурорлармен 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынулар енгізіліп, 21 жеке сот орындаушы тәртіптік, 98 борышкер әкімшілік, 6 қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 55 млн теңге алимент берешегі өндірілді.  
Ведомствоаралық мәжіліс нәтижесімен уәкілетті органдар мен сот орындаушыларға нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар күшейтіліп, өз жалғасын табуда.
Алимент өндірілу жағдайы облыс прокуратурасының жіті бақылауында.

FB_IMG_1714189638919.jpg

Тағы да оқыңыз: