Kyzylorda-news.kz Бұл туралы Еліміздің еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев NEGE порталына берген сұхбатында айтқан.
"Мемлекет ешқашан ешкімге қаржылай қолдау көрсеткен емес. Ондай үрдіс біздің заманымызда да болмаған. Бірақ ел алдына еңбегі бар ардагер әртістерге қолдау қажет сияқты. Себебі, жасайтын концертіңе билет сатудың өзі оңайға түспейді. Әніңді жасазасың ба, киіміңді тіктіресің бе, әлде көрермен шақырумен жүгіресің бе? Осы тұрғыдан алғанда Үкіметке өкпем бар. «Халық әртісі» атағын бермей-ақ қойсын, тым құрыса «Құрмет» орденіне қол жеткізсем деп екі-үш жыл қатарынан ниет білдірдім. Аяғында күні кеше сахнаға шыққандар алып кетеді", - деді әнші.