Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы 19 тамызда сағат 09.00-16.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен «Аймақтағы құрылыс және сәулет саласының дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.