Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының елордасы — Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы — Астана қаласы деп өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.