Фото:ашық дерекөз

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова учаскелердегі дәрігерлерді өзіне тән емес функциялардан босатып, олардың еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет екенін айтты, деп хабарлады inbusiness.kz.

Министр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, облыс халқымен кездесуінде жалпы практика дәрігерлеріне жағдай жасау керек екенін айтты.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің көлемін арттыру ғана емес, ең алдымен олардың сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме көтерілмейтінін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет, - деп атап өтті ол.

Тағы да оқыңыз: