Kyzylorda-news.kz. Қызылорда өңіріндегі 3 округте шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтуде. Науқан Қызылорда қаласында, Арал және Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылды.
Сайлау науқанында халық белсенді дауыс беруде.

Таңсәріден бері дауыс беруге асыққан азаматтардың ішінде алғаш рет дауыс берген жастар да бар. Олар бірінші рет бюллетень алып, өз таңдауларын жасап көрді. Солардың бірі қала тұрғыны Ботагөз Болатқызы №101 мектеп-лицейде орналасқан учаскеге келіп, таңдауын жасады.

Біздің отбасы мемлекет үшін маңызды әрбір саяси науқандардан ешқашан қалған емес. Бұрын ата-анам барып өз таңдауларын жасаса, енді міне өзім де алғаш рет сайлаушы ретінде дауыс беруге мүмкіндік алдым.
Негізінен, дауыс беру - үлкен жауапкершілік. Себебі өзіміз тұратын өлкенің дамуы, оның болашағы ең алдымен өзімізге керек. Ал, сол аумақтағы мәселенің уақытылы билік өкілдеріне жетуіне депутаттар дәнекер болады. Сондықтан өзім тіркелген учаскеге барып, таңдауымды жасадым,- дейді жас сайлаушы Ботагөз Болатқызы.

Дауыс беру күні қала және аудандарда барлығы 27 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Мұнда 37  мыңнан аса сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

FB_IMG_1711881119957.jpg

Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылауда.
Облыс бойынша 13 қоғамдық бірлестік аккредиттациядан өткізілді. Сондай-ақ, 3 округ бойынша кандидаттардың сенім білдірген 144 адамы тіркелген.

Айта кету керек, сайлауда 3 округте 10 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 9-ы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша, 1-і саяси партия атынан сайлауға түсуде.

Тағы да оқыңыз: