Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтан зорлық көрдім деген Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Жылдың басында адвокаттық қызметімді уақытша тоқтатып едім. Екі күн бұрын қайта жаңғыртып, адвокаттық өкілеттігімді жалғастыруға тура келді. Жанқош Тұраровқа қатысты іс бойынша жәбірленуші Әнару Қалдыбекқызының ресми қорғаушысымын. Қазір Алматыдамын. Іс бойынша шиеленіскен жайттар өте көп", - деді ол.

Адвокаттың сөзінше, Әнаруға бұндай қадамға бару оңайға соқпаған. Қыз қатты күйзелісте жүргендіктен, сұқбатта ойын жинақтай алмай, көп нәрсені айта алмаған.

"Өзіне бүкіл әлем түсінбей, қарсы болатындай, тіпті суицид жасардың алдында айтып кетем деген ой болған сияқты. Дегенмен мықты екен. Буллингке қарсы тұрудың өзі мықтылық қой. Қазір Сіздердің қолдауларыңызды сезініп, өзіне келе бастады. Көңіл-күйі де жақсарып, ашыла бастады. Ал 2018 жылдан бері неге арыз бермеген деп, пәлен-түген, отбасылы еркекпен байланысарда ойланбай ма, бірдеңе деп жатқандар төмендегі мәліметтерге назараударуларыңызды сұраймын: Әнару Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген екен. Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Ол жолы оперлар ұрып-соқпаған, (!) қамап, босатып жіберген. Куә болған құрбысы бар. Қажет болса, тергеуге де, сотқа да барып, куәлік ете алам деп отыр. Бұл - бір. Екінші рет, 2023 жылы жәбірленуші Тұраровқа қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, енді жайына қалдырмаса, үстінен арыз жазатынын айтқан. Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, көлікке салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған. Себеп-салдарын айтпаған. Не болғанын да түсінбеген Әнару Қалдыбекқызы ұрып-соққан полиция қызметкерінің үстінен арыз түсірген. Іс сол күйі жабылып кеткен. (!) Қайта арызданамыз. Қаңтарда үтікпен күйдірген, қайнаған су құйып азаптаған жасаған полицияға қыз балаға бұндай жауыздық жасау түк тұрмаса керек. Үйреншікті әдістері ғой. Екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар ма, әлде кездейсоқтық па, нақты дәлеліміз жоқ..Бірақ ішкі түйсікке бұл оқиғалардың бәрінің бір-біріне байланысы бардай сезіледі..(төменде Әнарудың арызы мен көгала қойдай денесінің фотоларын салдым)", - деп жазды Ләззат Ахатова.

FB_IMG_1724957188920.jpgFB_IMG_1724957190763.jpgFB_IMG_1724957193374.jpgFB_IMG_1724957195498.jpgFB_IMG_1724957197950.jpgFB_IMG_1724957199966.jpg

Тағы да оқыңыз: