Kyzylorda-news.kz. Қызылордалықтар Иорданияның Амман қаласында грек-рим күресінен өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Алпамыс Болатұлын әуежайдан күтіп алды.  

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшының орынбасары Жігер Айекешов мақтанышымызды күтіп алуға арнайы барып, басқарма басшысының игі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, спортшының мықты болуы бапкерінің еңбегі екенін атап, Алпамыстың алдағы бәсекелеріне сәттілік тілеп, бағындырар белестері алда екенін айтты.

Мұнан соң көпшілік естелік суретке түсіп, жас спортшылар тілектерін білдірді.  

Алпамыс- грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатынан күміс жүлде иеленген алғашқы спортшы.

Мақтанышымыздың алдағы додаларда топ жаруына тілекшіміз.

Тағы да оқыңыз: