"Қазгидромет" РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады.

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республикамыздың оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады. Жауын-шашынсыз ауа райы антициклон ағымы әсерінен тек солтүстік аймақтарда ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі жалпы сипат береді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі"делінген
"Қазгидромет" РМК-ның таратқан хабарламасында.

Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райы тұрақсыз болады, көбіне жаңбыр жауады. Жауын-шашын тек республикамыздың солтүстік өңірін айналып өтеді.

Тағы да оқыңыз: