Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтуде. 

Аймақта сайлау науқаны 3 округ бойынша (№15,№14,№1) Қызылорда қаласында және Арал, Жаңақорған аудандарында ұйымдастырылуда. Барлық округ бойынша 37 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы.

Сайлау науқанында дауыс беру учаскелеріне келе алмаған азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады. Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес үйден дауыс беруге өтініш берген азаматтар бюллетеньді тасымалданатын жәшікке салып, өз таңдауын жасайды. 

Сайлауда барлық 3 округтің аумағында тұратын 211 сайлаушы үйден дауыс берді.

Айта кетейік, дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

FB_IMG_1711894604643.jpgFB_IMG_1711894601473.jpg

Тағы да оқыңыз: