Kyzylorda-news.kz  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты Гермоплазма криоконсервациялау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Тимур Турдиевпен кездесті. 

Кездесу барысында ғалымдармен бірге университеттің Ботаникалық бағын көгалдандыру жұмыстары талқыланды. Аймақ экологиясына төсімді өсімдіктерді өсіру мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды. 

Алматы қаласындағы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы ҒЗИ гермоплазманы криосақтау зертханасында in vitro әдісімен көбейтілген тораңғыл және теректің тез өсетін будандары Ботаникалық баққа отырғызылып, облыстың климаттық жағдайында сынақтан өткізіп, зерттелуде.

Мұнда теректің “Казахстанский” және "Бессчетнов терегі", ал тораңғылдың екі түрі сынақтан өткізілуде. Бұл жаңа технологиялар жасанды көбейтілуі қиын ағаштарды тез әрі сапалы көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің ғалымдар келешекте шөлді аймақтарға бейімделген қарағаштың жаңа түрлерін осы әдіспен дайындап, жерсіндіріп, көгалдандыруға пайдаланатын болады.

Айта кету керек, бүгінде Ботаникалық бақта катальпа гүлдеді.

Тағы да еске сала кететін жайт, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының студенттері Жансая Жақсылық, Дина Ділдабаева, Асемай Құттыбаева, Елдана Нұралиева және қауымдастырылған профессор, философия докторы Нұралы Нұрғалиев Қырғызстан Республикасының «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасуда.

Бағдарлама аясында студенттер «Ауыл шаруашылығы» факультетіндегі профессор-оқытушылардың биология-өсімдіктану, жоба дайындау, жылыжай жұмысы бағытында лекциялық және практикалық сабақтарында дәріс алып жүр.

Қызылорда климатына төзімді өсімдіктер егілді 1.jpg

«Қырғызстанға келгелі әртүрлі өсімдіктер мен жемістердің өсу барысын бақылап, олар туралы көп мәліметтер алудамыз. Бұл жақтың жылыжайларында құлпынай, рапс, мақта, алманың жаңа сорттары мен көгалдандыру үшін әртүрлі бақшалық гүлдерін өсіреді. Сонымен қатар қызанақтың төрт түрлі (түріктің «Эгей қызғылт», «Алатурка», «Сұңқар», «Алянак» деген ерекше сорттары) сорттарын өсіруге арналған зерттеу жұмысына қатысудамыз. Қызанақтың бұл түрлерін Қызылордаға барған соң егеміз. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біздің терең білім алуымызға жағдай жасалған. Теориялық дәрістерден бөлек, практика өтуге арналған жылыжайлар бар», - деді агрономия мамандығының 3-курс студенті Жансая Жақсылық.

«Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы Нұралы Нұрғалиев «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің профессоры Ахмет Айгүнмен кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін таныстырып, білім ордасының 85 жылдығына арналып шығарылған кәдесыйды табыс етті. Нұралы Шайқысұлтанұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің студенттеріне дәріс берді.

Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтымен бірлескен жұмыстар жасауда.

Алматы қаласындағы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы ҒЗИ гермоплазманы криосақтау зертханасында in vitro әдісімен көбейтілген тораңғыл және теректің тез өсетін будандары Ботаникалық баққа отырғызылып, облыстың климаттық жағдайында сынақтан өткізіп, зерттелуде.

Мұнда теректің “Казахстанский” және "Бессчетнов терегі", ал тораңғылдың екі түрі сынақтан өткізілуде. Бұл жаңа технологиялар жасанды көбейтілуі қиын ағаштарды тез әрі сапалы көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің ғалымдар келешекте шөлді аймақтарға бейімделген қарағаштың жаңа түрлерін осы әдіспен дайындап, жерсіндіріп, көгалдандыруға пайдаланатын болады.

Сондай-ақ Қорқыт ата университеттің студенттері әр ұйымдастырылған сенбілікке етене белсенді қатысып, аймақтың табиғатының гүлденуіне үлес қосуда. 

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: