Kyzylorda-news.kz Биыл елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланып отыр. Осыған орай пилоттық жоба ретінде әр өңірдің бір аймағында санақ жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері:
- - ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;- өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің
- бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
- - іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.
Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімдері:
- Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;
- - сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
- - санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.