Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өткен жәрмеңкеде қала тұрғындарына аудан еңбеккерлері өндірген табиғи, экологиялық таза әрі сапалы өнімдер базар бағасынан 15-30 пайызға төмен бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеге 140 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Атап айтқанда, жоғары сұрыпты күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, асқабақ, қызылша, қызанақ, бұрыш, алма, жүзім, сондай-ақ ет және балық өнімдері тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.

Бұл жәрмеңке ауыл еңбеккерлеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға, ал қала тұрғындарына сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді.

Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: