Kyzylorda-news.kz AMANAT партиясының қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде іске асқан жобалармен танысты.

Алдымен «Ақсуат» брендімен отандық киім-кешек саласын дамытып отырған «Аралбаева» жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты.

Партияның Үкіметпен бірлескен жобасы аясында кәсіпкер Аралбаева Сарсенкүл 5 млн. теңге несие алып кәсібін бастаған. Шұлық тігумен айналысатын кәсіпкер өз өнімін қаладағы ірі сауда дүкендерінің сөрелеріне ұсынып отыр. Бүгінде 150-250 теңге көлемінде сатылуда.

Жоба аясында 2 адамды жұмыспен қамтып, ауылдың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлесін қосып келеді.

Сондай-ақ AMANAT партиясының қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде іске асқан жобаларына шолу жасады. 

Ақсуат ауылында жылыжай шаруашылығы кең қанат жаюда. Соның ішінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млн. теңге несие алған кәсіпкер Сулейменов Нұрғазы да бар.

Кәсіпкер жоба аясында төмен пайызбен несие алып, жылыжай құрылысына қажетті жабдықтарды сатып алған. Бүгінде қияр өсіріп, бақша өнімін жергілікті тұрғындарға, қаладағы дүкен сөрелеріне ұсынуда.

Жоба аясында ашылған кәсіпкерлік жұмыстарын саралау барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында қосымша ақпараттар беріліп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берілді.

Сонымен қатар жылыжай шаруашылығын қолға алғандар қатарында «Мина» ЖК-нің иесі Алмаз Өксікбаев «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8,6 млн. теңге несие алып, жылыжай құрал-жабдықтарын сатып алған. 

Қияр өсірумен айналысатын кәсіпкер күніне 5-6 кг қияр өнімін жергілікті нарыққа ұсынып, 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Жылыжайдан бөлек Ақуат ауылдық округінде өзге де жобалар іске асып, жоба аясында қарқынды жұмысын жалғастыруда. 

Соның ішінде тігін өнерін дамытып, жергілікті тұрғындарды құрақ көрпемен қамтып отырған кәсіпкер Дүйсенғазиева Алтынкүл жоба аясында 3,150 млн. теңге несие алып, мақта және жүн түтетін құрал сатып алған. Бүгінде жергілікті тұрғындардан сұраныс жоғары дейді кәсіпкер. 

Жоба аясында ашылған кәсіпкерлік жұмыстарын саралау барысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында қосымша ақпараттар беріліп, кәсіпкерлердің сауалдарына жауап берілді.

Өзге ауылдарға ойыссақ, AMANAT Партиясының қалалық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының мүшелері Қызылжарма ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысты. 

Ауыл тұрғындарын кондитерлік өніммен қамтып отырған «Тәттілер әлемі» ЖК «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 миллион теңге қаржы алып, кәсібінің өрісін кеңейтіп, жаңа қондырғылар сатып алған. 

Алғаш үй ішінен кондитерлік өнім шығарып бастаған кәсіпкер Жанисова Анила қазіргі таңда ауылдағы бірқатар дүкендерге, және жеке азаматтарға тапсырыс бойынша тәтті өнімдерін ұсынуда.

Бұл тізімді Қызылжарма ауылында өндірісін кеңге жайған «Береке АГРО» кәсіпкерлігі жалғастырады. Жоба аясында 27,6 миллион теңге несие алып, жем, қаймақпен сүт өнімдерін, ет өнімдерін шығаратын құрал жабдықтарын алған. Қазіргі кезде жем шығаратын және ет өнімдерін өңдейтін құрал жабдықтары жұмыс жасауда. 

Еске сала кетейік, өткен жылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқан болатын. 2025 жылдың сәуір айына дейін жоспарланып отырған «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылы 253,1 млн. теңгеге 27 жоба несиелендірілген болатын.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсіп саласында 14 жобаға 112, 859 млн. теңге, мал шаруашылығында 7 жобаға 74,4 млн. теңге, егін шаруашылығында 5 жобаға 55,2 млн. теңге және қызмет көрсету саласында 1 жобаға 8,6 теңге бағытталды.

Жалпы қаржыландырылған 27 жобаның 25 толық іске асырылды.

AMANAT партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асқан «Ауыл аманаты» жобасының жемісті нәтижесін тұрғындарға дәріптеу мақсатында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарымен танысатынын жеткізді.

 

Қорлан САРЫ
Фото: baq.kz

Тағы да оқыңыз: