Kyzylorda-news.kz  Қазақстандық режиссер Думан Еркінбектің дебюттік туындысы – «Qaitadan» фильмі прокатта рекорд орнатып, үш апта ішінде 1 миллиард теңгеден астам табысқа жетті. Осылайша отандық кинопракатта көш бастады. «Бұл картина – мемлекет қаржысына түсіріліп, шығыннан бес есе артық пайда әкелген алғашқы жоба», – деді Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарламасында.

 

IMG_2514.JPG

   

 Иә, бүгінде қазақ киносы дамыды. Мәні-мағынасы жоғары, жастарға үлгі болатын, қоғамдағы өзекті мәселені қамтитын туындылар жарыққа шығуда. Жасыратыны жоқ, көрерменнің жүрегін жаулаған, бүгінге дейін ұмытылмастай әсер сыйлаған кинолар көп. Соның бірі – «Qaitadan». Драма-фантастика жанрында түсірілген. Режиссері – Думан Еркімбек. Кинотеатрларда 4-ші қыркүйектен бастап көрсетілуде. Бұл фильмді кинотеатрдан бізде тамашаладық. «Қандай мықты туынды шыққан» деп қызықтық. Фильм продюсері Жалын Тілеубергенмен телефон арқылы байланысқа шығып, фильм түсіру барысындағы қызықтарды сұрадық...

 

Жалын Тілеуберген, продюсер:
Жалын Тілеуберген, продюсер:

 

 Фильм түсіру идеясы – 2020 жылы басталды. Режиссер, сценаристі Думан Еркінбек. Идея Алматы облысының Күрті ауылында туындаған. Ол ауылдың шетіндегі дамбыны көріп, «дамбы жарылып кетсе не болады, ауылдың жағдайы қалай болады, халық арасынан Қаһарман шығады ма?» деген секілді сауалдардан кейін «Қайтаданның» сценарий жазылды. Бөгеттің қирау көріністері арнайы тұрғызылған декорацияларды бірнеше рет құлату арқылы жүзеге асырылды.

    Дамбы соғу, ауылды тұрғызу – ол көрерменге шынайы көрсету үшін және фильмді шынайы шығару үшін керек болды. Жасанды интеллект пен әзірге бұл мүмкін емес. Жасанды интеллектпен ондай маштаптағы, сападағы дүние шығару біздің елде әлі дамымады. Сондықтан бұл жай жасай салатын нәрсе емес. Макет – ол шынайы көрсетіледі. Судың аққаны, судың әр бір физикасы шын судан ғана жақсы көрінеді. Сондықтан да сондай макет жасауға тырыстық.

Бұл фильм негізінен көпшілік көрерменге арналған. Мемлекеттің қолдауымен түсірілді.

  Фильм түсіру барысында қиындықтар өте көп болды. Мәселен ауа-райы. Екі күн түсіріп бастаған соң, бұршақ аралас жаңбыр жауды. Түсірілім 14 күнге тоқтады. Содан кейін түсірілім барысында 300 массовканы таудың басына шығардық. Эвакуациялау қиын болды. Макет жасау бөлек, оны түсіретін кездегі тәуекел бір бөлек. Барлығы қолдан жасалған конструкция болған соң ол дұрыс жарылмай, шайылмай қалуы мүмкін. Мұның өзі екі жарым ай жасалған еңбек. Оны сәтсіз дублмен құртып алуымыз мүмкін еді. Ол макет фильмнің 30 пайыз бюджетін құрады. Сондықтан да бізге үлкен тәуекел. Барлығын ойдағыдай түсіріп алған соң қуандық, – дейді продюсер.

IMG_2502 (1).JPG

     Бір фильм арқылы біраз нәрсені түсінуге болады. Мәселен басты кейіпкер Рауанның (Жасұлан Көпберген) ҰБТ тапсыруынан басталады. Мектеп бітіруші түлек үшін ең маңыздысы – ҰБТ. Десе де аз балл алып қалу өмірдің соңы емес. Ал Рауан бар болғаны 21 балл алып,  құлайды. Әкесі күн-түн үйде болмай, үш жерде жұмыс істейді. Анасы да жұмыста. Ата-анама ауырлық түсірмейін, жұмыс істеп қол ұшын созайын дейді. Ол туралы ештеңе білмеген ата-анасы Рауанды ауылдағы қара шаңыраққа әкеледі. Қаланың баласына ауыл өмірі тансық болып көрінеді. Қалаға қайтқысы келеді. Ауылда тұрмайтынын қанша айтса да ата-анасы ауылда қалудың дұрыс шешім екенін айтады. Фильм барысында ауылдағы ағасы Әбіш (Ашим Ахметов) үнемі әзілмен ренжіткені, жиені Ақош (Рамазан Мақабатұлы) мен бірге қора тазалағаны жиі көрсетіледі.

 

IMG_2516.JPG

 

 Дүкендегі сатушы қыз Бағыммен (Шұғыла Ешенова) Рауанның танысу барысы, мектеп кешіндегі сәттері бейнеленеді. Алғашқы таныстығынан бастап, достығы да көрсетіледі. Бағымның арбаға танылған анасына деген қамқорлығы айқын бейнеленген.

 Журналист Гүлмира Әбіқай киноның жабық көрсетіліміндегі әсерімен оқырмандарымен бөлісті.

 

Гүлмира Әбіқай, журналист:
Гүлмира Әбіқай, журналист:

 

  –  Дамба жарылып, бір ауылды 18 минутта су шайып кеткеніне тура 15 жыл өтіпті. Бір ауылды бір сәтте жер бетінен жойған апат жайлы аз айтылып, шу тез басылды. Бір жылдан соң түбірімен жойылған ауыл орнына жаңасы салынып халық топан суды ұмыта бастады. Есімде қалғаны дамбаның сызатына, төнген қауіпке мән бермеген ауыл әкімі, жеке дамба қожайыны, тағы 2-3 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар соталды ма, іс немен біткені де сиырқұймышақтанды. Әйтеуір, Үкімет Қызылағаш қырғынын жұрт жадынан тезірек ұмыттыруға тырысқандай болды.
Енді ойлап қарасам, шағын ауылда 3,500 тұрғын болды. 146 үй жер бетінен жойылып, 251-і қирады. Қалған 42 үйге де сызат түсіп, жөндеуді талап етті деп жазылған Үкімет есебінде.

Мұны не үшін еске алды десеңіз, осы аптада  qaitadan көркем фильмнің жабық көрсетіліміне бардым. Жас продюсер Жасұлан Төлепберген  еңбегі. Кезінде Азат бауырыммен интернатта бірге оқып, үйден талай шәй ішкен көзтаныс жастар.

Талай фильмнің презентациясына барып, соңына дейін көре алмай, атып тұрып жүгіруші ем. Бұл жолы басынан соңына дейін тапжылмай көрдім. Күлдім…жаным ашыды…жыладым…

Қазақ киносының төсек-өсек-тұрмыстан ұзап, ақиқатқа оралуына шын қуандым!, – дейді журналист.

 IMG_2498.JPG

 

Жалпы кино – көптің көзайымына айналған өнер түрі. Бүгінде бұл өнер қоғам ішінде қалыптасқан түйіткілді мәселелерді көпшілікке жеткізудің негізгі құралы. Байланыс арқылы кинотанушы Гүлзат Көбектің пікірін сұрадық.

 

Гулзат Көбек.jpg
Гүлзат Көбек, Кинотанушы:

 

Фильмнің идеясына автор өзі жауапты. Режиссерлар қоғамдағы өзін мазалаған оқиғаларды түсіреді. Біз кинотанушылар экранға қандай фильм шығады, соған маман ретінде идеясын талдап қана береміз.

Фильм - шығармашылық процесс. Біздің режиссердің түсіру процесіне араласу құқымыз жоқ. “Қайтадан” фильмі ғана емес, қазіргі экранда жүріп жатқан көптеген фильмдерде бір күрделі процесс жүріп жатыр. Халықтың шынайы тілі экранға шығып кеткендей әсер қалдырады. Прокаттан халық шынайы жанды тақырыптар көре бастады. Экран - қоғамның айнасы. Ешқандай апат болмасын! Режиссер санамызда сең қозғалса деген идеяны айтқысы келді деп ойлаймын,– деді кинотанушы.

IMG_2508.JPG

 

Түйін. Ауылдағы бөгет жарылып, тасқын ауылды қиратады. Бұл жағдай фильм барысында қайта-қайта қайталанады. Абырой болғанда ауыл тұрғындарының барлығы аман қалады. Рауанның ата-анасы да ҰБТ-дан әдейі құлағанын біледі.  Рауан әр жаңа циклде апатты тоқтатуға, жақындарын қалай да аман алып қалуға мүмкіндік алады. Кино көрермен көңілінен шықты. Сыни пікір білдірген адамдарды болмады. Қоғамдағы өткір мәселені көгілдір экран арқылы халыққа көрсете білетін туындыларымыз көбейсін!

IMG_2512.JPG

Мөлдір САБЫРЖАН  

Тағы да оқыңыз: