Kyzylorda-news.kz. Адам әлемнің кез келген үлкен қаласына ұшақпен баратындай күнге жетті. Қажетіңізге қарай пойыз не көлікпен баруға да мүмкіндік бар. Дегенмен әлемнің бір-біріне “жақындай” түскеніне қарамастан, әлі күнге дейін өркениеттен алыс орналасқан, ол жерге бару қиынға соғатын, ұшақ ұшпай, кемені айлап күтетін аралдар бар екен.
Питкэрн, Ұлыбритания
Бұл бір кішкентай аралдың тұрғындары – сонау 1790 жылы келген сауда кемесінде бүлік шығарғандардың ұрпағы. Сондай-ақ елуге жуық қана адам күн көретін аралда Таити аралынан келгендер де бар.
Тромелин, Франция
Кіп-кішкентай арал Мадагаскардан 450 шақырым жерде орналасқан. Францияның иелігі саналатын арал мұхит деңгейінен 7 метрге ғана биік. Мұхит зерттеушілері ондаған жылдан кейін Тромелин аралының толықтай су басатынын болжап отыр.
Кокос аралдары, Аустралия
Явадан – мың, ал Аустралия жағасынан екі мың шақырымда орналасқан аралдар тізбегі. Кокос атауын алған бұл мекен 27 маржан атоллдарынан тұрады. Аралдарды жалпы саны алты жүзге жуық адам мекендейді.
Әулие Георг аралы, АҚШ
Алеут қауымының ең көп шоғырланған аралы. Тек үндістер тұратын аралда итбалықтар мен теңіз құстары мекен етеді.
Бьорнёя (мағынасы – аю) аралы, Норвегия
Свальбард біріне бірі жақын орналасқан аралдар тобының ең күрделісі. Нағыз Норвегия сұлуғының белгісі. 178 шаршы шақырым жерде 20 ауа райын болжау станциясы бар.
Флореана, Эквадор
Флореана – Галапагос аралдары аймағының ең үлкені. Эквадордан 100 шақырым жердегі аралда жүзге жуық адам ғана тұрады. Ал бүкіл аралда тек бір телефон станциясы мен бір ғана қонақ үй бар.
Маккуори, Аустралия
Маккуори – пингвиндер мекені. Жаңа Зеландия жағасынан есептегенде мың шақырым жердегі аралды пингвиндер көптеп мекен етеді. Сондай-ақ бұл жерде 50-ге тарта тұрғын бар.