Kyzylorda-news.kz Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы оқиғаға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Өзбекстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығының мәліметінше, 2025 жылдың 14 қаңтарында қолдан жасалған алкогольді ішіп, уланып қайтыс болған 5 өзбекстандықтың жақын туыстары Ыстамбұлдағы Бас консулдыққа жүгінген. Бұл келеңсіз жағдайларға Ыстамбұлдың Ақсарай ауданында сатып алынған алкогольді ішімдікті пайдалану себеп болған.
Қайтыс болған азаматтар негізінен 35-40 жас аралығындағы ер адамдар, барлығының кәмелетке толмаған балалары жетім қалған.
– Осыған байланысты Ыстамбұлдағы Бас консулдық барлық азаматтарды ішімдік ішуден бас тартып, абай болуға шақырады. Кез келген денсаулыққа қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде дереу жақын жердегі ауруханаға барып, Бас консулдыққа хабарласу ұсынылады. Төтенше жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: Бас консулдық: +905535411717, - делінген хабарламада.
Фото: Shutterstock/Қазақпарат