Kyzylorda-news.kz. Үндістанда той кезінде 60-тан аса тауық қырылып қалды. Оқиға Баласор қаласында, той өткен орынға жақын жердегі құс фабрикасында болған. Бұл туралы Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Анығында, 63 тауық өліп қалған. Мамандардың айтуынша, тауықтардың қырылуына той музыкасы себеп болған. Құс фабрикасының иесі полицияға шағым түсіріп үлгерді.

Ол той шеруі фабрика жанынан өткен соң, тауықтардың өліп қалғанын шағымында жазған.

«Бірақ күйеу жігіттің достары маған айқайлап, музыканың даусын жоғарылатты. Олар менің құс фабрикамның алдына әдейілеп 15 минутқа тоқтады», – деді фабрика иесі полицейлерге.

Той тойлаушылар кете салысымен, құстар өліп қалды. Ветеринарлардың айтуынша, тауықтар жүрек талмасына ұшыраған.

«Менің фермамда 2000-ға жуық тауық бар еді. 63 өлі тауықтың әрқайсысының салмағы – 3 келі. Шамамен 25 мың рупи шығынға баттым. Өлі тауықтар әлі де фермада жатыр, себебі полицейлер тергеу аяқталғанға дейін оларды тастамауды сұрады», – деп түйіндеді сөзін фермер. 

Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады.

Тағы да оқыңыз: