Kyzylorda-news.kz. Кабулдың қала шаруашылығы жүйесінде ер адамдардың лауазымында жұмыс істеген әйелдер енді үйде отыратын болады. Бұл туралы қала мэрі қызметін уақытша атқарушы  Молави Хамдулла Номани мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

Кабул мэрінің үндеуі AL Arabiya телеарнасының Twitter-інде жарияланды.

Қала шаруашылығында 2,9 мың адам жұмыс істейді, оның 27%-і әйелдер. Қала басшысының айтуынша, олар аудан әкімшілігі, құрылыс, инженерлік салада қызмет етеді.

“Біз ер адамның жұмысында істемейтін әйелдерге қызметіне оралуға рұқсат бердік. Олар жұмысқа күн сайын барады. Мәселен, қала дәретханаларында жұмыс істейтін әйелдер қызметін жалғастырады. Өйткені ол жерде ер адамдарға істеуге болмайды”, – деді мэр.

Ол өзге қызметтегі әйелдерге жағдай тұрақталғанға дейін үйде болу қажеттігін атап өтті. Оларға жалақы төленеді.

“Талибан”* Ауғанстанда әйелдер министрлігін жапқан болатын. Бұдан соң ондаған әйел наразылық шарасына шықты.

Тағы да оқыңыз: