“Жағдай өте күрделі болса да, біз барлығын еңсереміз. Ең бастысы азаматтардың амандығы”, -деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуінде.
Иә, бұл елімізде 80 жылдан кейінгі үлкен су тасқыны болып тұр. Осындай қиын сәтте бірлігімізді берік етіп, бір-бірімізге деген қолдауды аямауымыз қажет. Күні кеше Қызылорда өңірінен зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек эхинококкозманитарлық акцияға өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдары белсенді қатысты. Бұл игі істер өз жалғасын табады.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсетілетінін, барлық материалдық шығындардың өтелетінін де атап өтті.
Сонымен қатар, “Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажетігін, қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды екеніне тоқталды. Расында, бүгінгі күні бірігіп, елдігімізді, бірлігімізді көрсету маңызды.
Сақтапберген Жұбатқанов,
Қызылорда облыстық Қырғыз эмб төрағасы