Фото: astanatv

Kyzylorda-news.kz.  Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын АҚШ президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер әр елден танымал адамдарға және мемлекет басшыларына қайырымдылық ас береді. Белгілі журналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желісінде Нұрлан имамнан алған қысқаша сұхбатын жария етті.

Біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президент істеп жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз, – дейді Нұрлан имам.

Журналист имамға «Сапар аясында ғана емес, мүмкін дастархан басында Байденнің қасында отырып қаларсыз», деді.

Ас үш дүркін беріледі екен. Үш дастарханға да мен қосылған екенмін. Үлкен мінберлерде президентіміздің айтып жүрген ойын менде жеткізсем деймін. Қазіргі таңда жастарымызда еліктеушілік көп. Бір басшының артынан ілесіп, келешекке дұрыс құрып жатқан саясатымызды әріқарай паш етсем деймін, – деді Нұрлан имам.

Қазақстандық кәсіпкерлер бауырластық көңілмен алыс сапар алдында қазақтың жөн-жоралғысымен дастархан жайып, елдің аманатын арқалап сонау АҚШ сапармен кетіп бара жатқан имамға ізет көрсетті.

Тағы да оқыңыз: