Бүгін Мемлекет Басшысы үндеуін жариялады.
Республикалық штабты басқарған Премьер-Министр Үкімет пен мемлекеттің барлық күштері су тасқыны салдарымен күресуге және одан әрі залалдың алдын алуға жұмыстар атқарып жатыр.
Соңғы 80 жылда болмаған ірі табиғи апат салдарынан халқымыз қиын кезеңді басынан кешіруде.
Сондай-ақ, орын алған жағдайларға байланысты, Президент тапсырмасы аясында алдағы уақытта заң аясындағы өзгерістер мен толықтыру жұмыстарын да қолға алатын боламыз.
Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі» деп нақты жазылған. Сондықтан қазір ең бастысы-адам өмірі.
Кез келген материалдық мәселелер шешіледі. Президент ешбір зардап шеккен азамат мемлекет назарынан тыс қалмайтынын және барлық шығындардың өтелетініне, халыққа қажетті көмек көрсетілетініне кепілдік пен уәде берді.
Келесі баса назар аудартатын жайт. Осындай кезде ел арасына от, іріткі салмай, тәртіпсіздікті өз мақсаттары үшін пайдаланбауы керек. Құқықтық режим толығымен сақталуы қажет. Бұл ақпарат таратуға да қатысты болмақ. Халықты дәлелденген ақпаратқа сенулеріңізді шақырамын.
Жіп біріксе арқан болады, сетінесе талқан болады. Яғни, осындай кезеңді жеңу үшін біз өз күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет.
Елдегі әрбір қиындықтан сабақ алуымыз заңдылық. Бұл қиындықтан да шығатынымыз анық, тек береке-бірлік керек. Күшіміз тек бірлікте!
Мархабат Жайымбетов,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты