Kyzylorda-news.kz Америкалық кәсіпкер, әрі миллиардер Илон Маск Wikipedia-ға бәсекелес болып табылатын Грокипедияны іске қосты, деп хабарлайды Қазақпарат The Washington Post-қа сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, сайт стилі мен форматы жағынан Википедияға ұқсайды. Қазір мұнда ChatGPT, Дайан Китон және 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты сияқты тақырыптарға арналған мақалалар жарияланған. 

Жоба — Масктың танымал технологиялық құралдарға балама жасау үшін өзінің хAI компаниясы әзірлеген Grok-ты қолданудың соңғы әрекеті.

Айта кетейік, Grok ChatGPT-ге ұқсас жасанды интеллект жүйесі.

Илон Масктың кейбір жақтаушылары жобаның іске қосылуын асыға күтті. Ал сыншылар өтірік ақпараттар мен Википедия мәтіндерін сөзбе-сөз көшіретін мақалалардың мысалдарына назар аударды.

Сайтты іске қосқан кезде онда 885 мыңға жуық мақала орналастырылған, ал ағылшын тіліндегі Wikipedia-да 8 миллионнан астам мақала бар.

Grokipedia.com бірнеше сағат бойы жұмыс істеп тұрды. Бірақ кейбір пайдаланушылар оны іске қосқаннан кейін көп ұзамай мәселелер туындағанын хабарлады.

Фото: wikipedia

Тағы да оқыңыз: