Kyzylorda-news.kz. Жасөспірімдер мен ересектер арасында IQ тесттерінде ең жоғары балл жинаған Мэрилин Вос Савант американдық журналдарда қызмет етеді. Оның күйеуі Роберт Ярвик жасанды жүректің алғашқы үлгісін жасаған. Бұл жұп сонымен қатар «Нью-Йорктің ең ақылды жұбы» атанған.
IQ дегеніміз не?
IQ ағылшын тілінің «intelligence quotient» – адамның оқу, түсіну, ақпаратпен жұмыс істеу және тиімді әдістерді қолдану қабілетін өлшейді. IQ тестілері баллдық жүйе арқылы бағаланады және дүние жүзіндегі адамдардың шамамен 68 пайызының IQ деңгейі 85 пен 115 аралығында. IQ деңгейі 70-тен төмен немесе 130-дан жоғары адамдар өте аз кездеседі.
Жоғары IQ болуы басқаларға қарағанда ақылды болу дегенді білдіреді. IQ деңгейі ең жоғары адамдар қатарына Альберт Эйнштейн – 160-190, Натан Леопольд – 210, Надя Камукова – 210, Уильям Сидис – 250 кіреді. Олардың қатарында Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде енген Мэрилин Вос Савант та бар.
Мэрилин Вос Савант деген кім?
Мэрилин Савант Мэрилин Мач 1946 жылы 11 тамызда Миссури штатының Сент-Луис қаласында дүниеге келген. Ол көміршілердің қарапайым отбасынан шыққан, ал оның ата-анасы Германия мен Италиядан келген иммигранттар болатын. Саванттың тамырында итальян, чехословакия, неміс және аутриялық қан бар. Ол физик және философ Эрнст Мачтың алыс ұрпағы. Әкесінің аты Джозеф Мач, ал анасы Марина вос Савант.
Мэрилиннің интеллектісі IQ тестінің 2 түрі арқылы тексерілді. Солардың бірі - 10 жасында ауызша сөйлеу қабілетін анықтау үшін Стэнфорд Бинет тесті.
Екінші сынақ - Hoeflin Mega Test. Вундеркинд екі сынақта да өте жоғары 228 балл жинап, 1986 жылы ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына планетадағы ең ақылды адам ретінде енді. Бұл қарапайым адамнан 2 есе жоғары бал. Саванттың ұпайы кішілер мен ересектер арасында ең жоғары бал жинаған. Әрине, IQ тесті ең жоғары Сайдис. Бірақ ол 1944 жылы 46 жасында қайтыс болған.
IQ тестіне қатысты дау 1990 жылы Гиннестің рекордтар кітабына тестілеуді тоқтатуға әкелді, ал Савант рекордқа ие болған соңғы адам ретінде қалды.
Қоғамнан алшақ қалған бала
Оның балалық шағы кәдімгі балалар сияқты өткенін, ата-анасы Савантқа ерекше көңіл бөлмегенін айтады. Саванттың ата-анасы оның талантын жария етпеу және коммерциялық мақсатта өзгелер пайдаланудан қорғау үшін оны көпшілік назарынан тыс қалдырған.
Ол тек жаратылыстану мен математиканы жақсы меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар жазу қабілеті де жақсы болды. Жасөспірім кезінде ол жергілікті газеттерге үнемі мақалалар жариялап тұрған.
Савант Meramec Community College-де оқып, кейін Сент-Луистегі Вашингтон университетінде философия бойынша білімін жалғастырған. Алайда екі жылдан кейін отбасының бизнесін жүргізуге көмектесу үшін колледжді тастап кеткен. Осыдан кейін құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік және инвестициялар саласында еңбек жолын бастаған. Алайда әрқашан жазушы болуды армандаған. 5 жылдан кейін ол материалдық жағдайын жақсартып, жазумен айналыса бастаған. Вос Савант лақап атымен романдар, әңгімелер, саяси сатиралар жазып, журналдар мен газеттерге беттер дайындаған.
Оның күйеуі Роберт Ярвик жасанды жүректің алғашқы үлгісін жасаған. New York Magazine басылымдарының бірінде бұл жұп «Нью-Йорктың ең ақылды жұбы» деп аталды. Савант қазір Нью-Йорк журналында қызмет етеді.
«Біз қоғамнан алған игіліктерді қайтаруымыз керек»
Савант «Логикалық ойлаудың күші: ойлау өнеріндегі жеңіл сабақтар» атты кітап жазды. Бұл кітапта автор: «Біз миымыздың 10 пайызын ғана пайдаланамыз. Қазіргі нақты есептеулерді білмеймін. Мүмкін 5-15 пайыз. Бірақ мотивация болса, адам көп нәрсеге қабілетті», - деп жазды.
Ал 2002 жылғы «Өсу: америкалық классикалық балалық шақ» кітабы отбасыларға көлікке техникалық қызмет көрсетуден бастап, 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға арналған мансап таңдауы мен іс-әрекетіне дейінгі барлық мәселелер бойынша практикалық кеңес береді.
Кейінгі жылдары Савант жасанды интеллект (AI) адам интеллектін басып озғанына көбірек қызығушылық танытты. 2020 жылы The New York Times газетіне берген сұхбатында ол жасанды интеллект бірнеше онжылдықта «суперинтеллектке» қол жеткізе алады, бұл адамзат үшін ауыр зардаптарға әкелетінін айтты.