Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6 cәуір 13:00-де халыққа үндеуінде биылғы су тасқыны соңғы 80 жылдағы ең ірі апат екенін айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды апат бұрын-соңды болмаған.

"Құрметті отандастар, сіздерге еріген қар суынан кейінгі су тасқынынан туындаған күрделі жағдайға байланысты хат жолдап отырмын. Бұрын-соңды болмаған табиғи апат орын алды. Бәкім, бұл – соңғы 80 жылдағы ең ірі апат шығар", – деді ол халыққа жолдауында.

Мемлекет басшысы еліміздің 10 облысында – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілгенін атап өтті.

Сөзінше, оның тапсырмасынан кейін  су тасқынының салдарын азайту жұмыстары күшейіп, тиісті шаралар қабылданды, премьер-министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Енді қорғаныс министрлігі қосымша әскери бөлімдер жібереді.

“Үкімет басшысы да, оның орынбасарлары да, Төтенше жағдайлар министрі де зардап шеккен аймақтарды аралап жүр. Барлық жергілікті құтқару жұмыстары менің жеке бақылауымда. Жағдай қиын, бірақ үміт үзудің қажеті жоқ, бұл жағдайды түзетеміз. Ең бастысы – адам шығынының алдын алу”, – деді Тоқаев.

Ол су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын және барлық материалдық шығын өтелетінін атап өтті.

  

Тағы да оқыңыз: