Елімізде орын алған күрделі жағдай яғни су тасқыны барша халықты алаңдатып отыр. Бүгін Мемлекет басшысы су тасқынынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мен үндеудің толық нұсқасымен танысып шықтым. Көптеген мәселелерді қозғап, елге жанашырлық танытып, азаматтарды ауысбіршілікке шақырды. 
Мемлекет басшысы зардап шеккен отбасылар мен аймақтарға тиісті түрде көмек көрсетіліп, қауіпті аймақтарға көмек жіберілетінін айтты. Сонымен қатар азаматтарымыз тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуі қажет екендігін жеткізді.
Президент көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін айтты.
“Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы” - деп, барлық атқарушы органдарға шұғыл түрде тапсырма берді.
Мемлекет басшысының шұғыл әрекет етуімен, тиісті мамандардың штрақ қимылымен табиғи апатқа қарсы тәулік бойы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ел басына күн туғанда, күшімізді біріктіріп, сын сағатта сүрінбей, бейбітшілік болсын!
 

Арман Әбілпейісұлы,

«AМANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы

Тағы да оқыңыз: