Kyzylorda-news.kz. Федералдық тергеу бюросының (ФБР) пікірінше, Ресейде жасалған барлық мобильді қосымшалар “қарсы барлау қаупін” төндіруі мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған америкалық сенатта демократтар лидері Чак Шумердің жасаған мәлімдемесі себеп болды.

Ол бірнеше ай бұрын биыл аса танымал болған FaceApp қосымша-фоторедакторына қатысты алаңдаушылық білдірген еді. Оны ресейлік Wireless Lab жасаған болатын.

Федералдық тергеу бюросы бұл қосымша аясында жиналған ақпаратқа сәйкес осындай қорытындыға келген еді.

Әрине, компания өкілдерінің “пайдаланушылардың жиналған жеке мәліметтері ешқайда кетпейді” деген сөздеріне америкалықтар сенбей отыр.

Олар фотолардың көбі “бұлтта” өңделіп, сол жерден 48 сағат өткен соң өшірілетініне де сенбейді.

Ал Штаттар жүргізіп отырған цифрлық және интернет-соғыста ресейлік “фронтқа” басымдық берілмей отыр.

Олардың Қытай мен Huawei-ге шабуылына қарағанда отандық IT-секторға жасаған әрекеті біраз жұмсақ көрінеді.

Қазір тіпті француздармен жағдай ушығып тұр. Екі күн бұрын жарияланған АҚШ сауда өкілінің мәлімдемесінде Париж америкалық цифрлық компанияларға қатысты дискриминациялау саясатын жүргізіп жатқаны айтылған.

Вашингтон бұған жауап ретінде француз тауарларына 100 процент ставка бойынша көлемі 2,4 миллиард долларға дейін баж салығын енгізуі мүмкін.

Мәселен, жазда Франция парламенті қабылдаған заң, Google-ге салық салу туралы заңнама да бұл тұста жағдайды ушықтырып отыр.

Айтпақшы, америкалықтар осыған ұқсас тергеуді Австрия, Италия мен Түркия сияқты тағы үш елде жүргізуге бастамашылық етті.

Франция билігі де жай қарап отырмады. Экономика және қаржы министрі “америкалық санкциялар жобасына жол бермеу” керек деп, санкциялар енгізілгенде Еуропа одағы “мықты жауап” беруге дайын екеніне сендірді.

Париж Еуроодақ көшбасшыларының бірі бола тұра, оның қуатын Вашингтонмен сауда соғысы болса, өз ұлттық мүдделерін қорғау үшін пайдалануға дайын.

Интернет әрдайым Батыстың саяси еркіндік, демократия, экономикалық тиімділік пен прогресс шоғырланған жүйесі секілді болған.

Десек те, интернетте шектеу не бұғаттау туралы түрлі әзілдер де айтылады.

Дегенмен, жақында Иранда жаппай тәртіпсіздік кезінде бір аптаға ғаламтордың сөндірілуі, миллиондаған шығынға әкелді. Тұрғындар болса өз ресурстарын, мессенджелерін пайдалана алмай қалды.

Ал Ресей тарапына түрлі айып тағылғанымен, Мәскеу “мемлекет шетелдік фирмалар тарапынан келетін заңсыз бәсекелестіктен үздік отандық технологиялық компанияларды қорғаумен ғана айналысады” дейді.

Ал америкалық интернет аймағының егемендігіне ешкімге қорқудың қажеті жоқ, ол жақтың билігі барлығын қарастырған болуы тиіс.

Тағы да оқыңыз: