Қызылордалықтар Абай музейін тамашалай алады – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалықтар Абай музейін тамашалай алады

18.02.2020, 18:20

592 0

Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш рет Қызылордада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі өтеді.

Мәдени шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай хәкім Абайдың бай мұрасын насихаттау, облыс жұртшылығына таныстыру.

Сыр халқы көрмеден Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашығлығына қатысты тарихи құжаттармен, архивтік деректермен, құнды қолжазбаларымен, Абайдың әкесі туралы жазған өлеңдерінің үзінділерімен, Абай оқыған Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесі туралы деректермен, ақынның тұрмыста қолданған заттарымен таныса алады.

Көрменің ашылуы 2020 жылғы 21 ақпан күні сағат 11.00-де С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында болады.

Айта кетейік, көрме 1 наурызға дейін жалғасады.

0

Пікір қалдыру