Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай даналығы жаңа ғасырда жаңарып түлеп, өркениетті мемлекет құрып жатқан қазақ халқының дамуына өлшеусіз зор ықпал жасауда.

Кітап көрмесінің мақсаты – тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын поэзиясын зерделеп оқуға, ұлы ақынның сан салалы ақыл-ойын, өнер өрісін жүйелеп тануға ықпал ету, насихаттау.

Кітап көрмесі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Әлем классиктері – Абай аудармаларында», «Абайдың философиялық дүниетанымы», «Үңілсең көзің жете ме, теңізден терең сыры бар…» атты бөлімдерден тұрады.

Көрмеге ақынның шығармалары мен қатар белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» кітабының 2 томдығы, «Даңқты адамдар» сериясынан «Абай», М.Әуездің «Ділім», Б.Ердембековтың «Абайтану», «Абай – Пушкин», Заки Ахметовтың «Абай и Лермонтов», «Жизнь замечательных людей» серисынан Н.Анастасьевтың «Абай», Д.Досжановтың «Абайдың рухы», Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» кітабының 3 томдығы және т.б кітаптар қойылды.

Тағы да оқыңыз: