Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында биыл ұлы ақынның 175 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілетінін және мерейтой тек той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді дамытуға оң әсерін беру қажеттігін айтқан болатын.

Тың туындыда Қасым-Жомарт Тоқаев Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы былтыр жақсы бастама болғанын тілге тиек етіп, биыл бұл бастаманы жаңғырту қажеттігін назарға салды.

Руханият, тарих, әдебиет белгілі бір салаға бөлінбейді. Бұл – біздің ортақ байлығымыз. Сондықтан оны терең меңгеруге баршамыз міндеттіміз. Біздің бұл бастамадан алар тағылымымыз мол. Себебі мұнда тек Абай шығармаларын жатқа оқумен шектелмей, оның мазмұнымен таныса отырып, ой-өрісімізді дамыта түсеміз.

Жалпы бұл мақаланы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жалғасы десек те болады. Себебі қос туынды да рухани ой-өрісті кеңейтуді көздейді. Мемлекет басшысы бұл мақалада ұлттық жаңғырудың ұтымды тұсы ұлы ақын еңбектерін басшылыққа алып, бір мәрте ой елегінен өткізу деп санайды. Расында автор шығармалары осындай жоғары бағаға толық лайық деп есептеймін. Сондықтан алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауға басымдық беруіміз керек. Себебі ол және оның шығармалары тұтас ұлт болып үлгі алуға лайық. Сондықтан алдағы мерейтойдан алар тағылымымыз да мол.

Ұлмекен МЕҢДІБАЕВА,

Жалағаш аудандық кітапхана директоры

Тағы да оқыңыз: