Kyzylorda-news.kz  Яндекс Іздеу қазақ тілінде ақпарат табу мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеді. Барлық қолданушы Яндекс Іздеудің шешімдері мен технологиялары күнделікті түрлі сұрақтарға жауаптарды  жылдам әрі тиімді табуға қалай көмектесе алатынын білуі үшін Шымкент қаласында интерактив кеңістік ашылды. 

22-23 қыркүйекте шымкенттіктер қала орталығында жаңа технологиялармен жабдықталған киіз үйде қонақта болып, Яндекс Іздеудің сұрақ-жауап ойынына қатыса алды. Қонақтар Іздеу қосымшасын қолданып, нейрожелі көмегімен жылдам жауап табу, өзінің біліктілік деңгейін білу үшін тапсырма орындап, өнер туындыларын тамашалады. 

Интерактивная юрта от Яндекс Поиска появилась в Шымкенте 4.jpg

Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші аймақта әр қатысушы қызық сұрақ жасырынған шаршыны табуы керек болды. Ал сол сұраққа тез жауап беру үшін Яндекс Іздеудегі нейрожеліні қолданып жауап іздеді. Екінші кезеңде дыбыстық іздеу арқылы қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші аймақта ақылды камера түрлі заттарды  – өнер туындыларын тапты, тіпті математикалық тапсырмаларды орындауға көмектесті.

Осындай қызықты шешімдер Яндекс Іздеуде қолжетімді. Ол үшін сұрауды қазақ немесе орыс тілінде жіберу жеткілікті. Мысалы, қыркүйектің басында Нейро сервисінен жауаптар Яндекс Іздеу нәтижелерінен шыға бастады. Қолданушының сұрағына жауап беру үшін нейрожелі интернеттегі барлық мәліметті зерделейді, қажетті дереккөздерді іріктеп, ақпаратты көлемді хабарламаға жинайды, пайдаланылған материалдар сілтемелерін де тізіп береді.

Интерактивная юрта от Яндекс Поиска появилась в Шымкенте 3.jpg

Тағы да оқыңыз: