Фото автордыкі

Kyzylorda-news.kz. Күні кеше редакция “Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпірдің қақ ортасы 15 сантимерге ашылған” деген мәтінде ақпарат жариялаған болатын. Осыған орай жауапты мекеме ұсынған мәліметтерді ұсынсақ.

"Ғ. Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы 2013 жылы басталып, 2016 жылы пайдалануға берілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының тапсырыс берушісі «Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқармасы, қала әкімдігінің теңгеріміне 2016 жылы тапсырылып, 2017 жылдан бастап, аталған көпірді күтіп-ұстау жұмыстарына қалалық бюджет есебінен қаржы бөлініп келеді.


2023 жылы аталған көпірді күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілді. Күтіп-ұстау жұмыстарына көпірді сырлау, жуу, негізгі конструкцияға жатпайтын ақауларды қалпына келтіру жарық шамдарының үздіксіз жануын қамтамасыз ету жұмыстары кіреді.


Сондай-ақ, көпірдің құрылысын салу барысында ҚР құрылысы ережелері жинағына сәйкес бетон конструкцияларының ауа райына байланысты көлемін өзгертетіні ескеріліп, көпірдің қалыпты жұмыс жасауы үшін деформациялық тігіс салынған. Деформациялық тігіс қысқы мезгілде ұлғайып, жазғы мезгілде орнына қайта келеді", - делінген қала әкімдігі берген жауапта. 

Құрметті оқырман, өңір тынысына байланысты айтарыңыз, сауалыңыз болса, бізге жолдаңыз. Ол “Тыңдаушы мемлекет” рубрикасында міндетті түрде жарияланатын болады. 

 

Тағы да оқыңыз: