Жолаушылардың азаюына байланысты қоғамдық көліктің жылжымалы құрамы да қысқарды. Десе де, жолаушыларға қызмет көрсету тоқтаған емес. Қоғамдық көлік жұмысына жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижесі жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штаб қоғамдық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады. Ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап Қызылордада қоғамдық көлік 06.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болды.