Жаңа коронавирус – респираторлық вирус. Ол, ең алдымен, науқастың тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, яғни, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады. Сондай-ақ, вирус науқас адам ұстаған кез- келген ластанған жерден, мысалы, есік тұтқасы арқылы да жұғуы мүмкін. Ауызға, мұрынға немесе көзге кір қолыңыз тигенде де инфекция жұғатынын біліп жүріңіз.