Көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісіне санитарлық өңдеуді ПИК жүргізуге тиіс. Алайда кооперативтердің қызметкерлері облыс тұрғындары болғандықтан, олар қаладан кетіп қалды. Ал қалада тіркеуі бар ПИК қызметкерлері қауырт режимде жұмыс істеуде. Олардың екі тәулікте бір рет жуып-тазалауға мүмкіндіктері де, күштері жетпейді. Ал лифтілер күн сайын тазартылу керек. Алайда бұл жерде де қызметкерлер саны шектеулі. Сондықтан подъезбен лифтілердің тазалығына тұрғындардың өздері жауап беру керек.
Көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберісі мен лифтілерін кімдер дезинфекциялау керек?
Сұрақ-жауаптар
08.04.2020 01:31